Бос орындар
  • strict warning: Non-static method view::load() should not be called statically in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/views.module on line 1118.
  • strict warning: Declaration of views_handler_field::query() should be compatible with views_handler::query($group_by = false) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_field.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of content_handler_field::element_type() should be compatible with views_handler_field::element_type($none_supported = false, $default_empty = false, $inline = false) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/cck/includes/views/handlers/content_handler_field.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_handler_sort::options_validate() should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_sort.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_handler_sort::options_submit() should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_sort.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_handler_sort::query() should be compatible with views_handler::query($group_by = false) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_sort.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate() should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_handler_filter::query() should be compatible with views_handler::query($group_by = false) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_plugin_query::options_submit() should be compatible with views_plugin::options_submit($form, &$form_state) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/plugins/views_plugin_query.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_plugin_style_default::options() should be compatible with views_object::options() in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/plugins/views_plugin_style_default.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_plugin_row::options_validate() should be compatible with views_plugin::options_validate(&$form, &$form_state) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/plugins/views_plugin_row.inc on line 0.
  • warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/date/date/date.module on line 661.
  • strict warning: Non-static method view::load() should not be called statically in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/views.module on line 1118.

21.09.2017

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурстық комиссиясының 2017 жылдың 21 қыркүйегіндегі №4 хаттамалық шешімімен білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің оқу демалысында болу кезеңіне 2019 жылдың 10 шілдесіне дейін), С-O-5 санаты (1 бірлік), индексі (02-6) лауазымына Кализина Лейла Ергеновна ұсынылды.

Конкурс комиссиясының жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет  басқармасының бас маманы Кисикова Гулмира Шалғынбековна, байқаушы ретінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің маманы Серимбетов Айжарық Жайлханович, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалының консультанты Ержақыпов Мұратбек Санақұлы, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы Шалова Рахила Апбазовна қатысты.


20.09.2017

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің «Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы» (негізгі қызметкердің оқу демалысында болу кезеңіне 2019 жылдың 10 шілдесіне дейін), С-O-5 санаты (1 бірлік), лауазым индексі (02-6) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
орналасуға кандидаттармен әңгімелесу өткізу кестесі
Әңгімелесу Ақтөбе қаласы, Қобландин к., 10 үй мекен жайы бойынша 21.09.2017 жылы сағат 16.00-де өткізіледі.
Өзімен бірге жеке куәлік немесе төлқұжат болу қажет.
Телефон: 8 (7132) 96-02-03


19.09.2017

2017 жылдың 19 қыркүйегінде Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің «Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы» (негізгі қызметкердің оқу демалысында болу кезеңіне 2019 жылдың 10 шілдесіне дейін), С-O-5 санаты (1 бірлік), лауазым индексі (02-6) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асыру үшін құрылған конкурстық комиссиясының отырысы өтті.
2017 жылдың 19 қыркүйегінде конкурстық комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге төмендегі кандидат жіберілді:
1)    Кализина Лейла Ергеновна.


12.09.2017

«Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті» ММ мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру


«Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Н.Қобландин көшесі, 10, анықтама үшін телефоны: 8 (7132) 96-02-03, факс: 8 (7132) 96-02-03, e-mail: dkso_aktobe@mail.ru, «Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті» ММ мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті» ММ білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы
(негізгі қызметкердің оқу демалысында болу кезеңіне 2019 жылдың 10 шілдесіне дейін), С-O-5 санаты (1 бірлік), лауазым индексі (02-6).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

1. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:
-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру;
-мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен    мамандандырылған білім беру;
-мамандандырылған оқу бағдарламаларымен арнайы білім беру;
-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру (мемлекеттiк аттестаттау, ішінара және жоспардан тыс тексеріс), жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
2. Білім алушылардың білімін сырттай бақылау (ОЖСБ) өткізу;
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
 -бiлiм беру қызметiн іске асыратын заңды тұлғаларға лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру:
   бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыруға;
   техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша білім бағдарламаларын жүзеге асыруға;
  орта білімнен кейінгі, оның ішінде мамандықтар бойынша білім бағдарламаларын жүзеге асыруға;
4. Білім беру мекемелеріне мониторинг жасау;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары педагогикалық білім.
Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)    «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2)    тиісті персоналды басқару қызметімен  құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну  конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайы электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
    Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті» ММ өтеді.
Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.  
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен  кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


08.09.2017

Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің санаты С-О-5 (02-6) бас маманы лауазымы орны (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде 2019 жылдың 10 шілдесіне дейін) 2017 жылдың 8 қыркүйегінен бастап бос тұрғанын хабарлайды.


19.10.2015

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің конкурстық комиссиясының 2015 жылдың 19 қазанындағы шешімімен білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне) (С-О-5 санаты) лауазымына қабылдауға Куртеков Ербол Ерболатович ұсынылды.


16.10.2015

2015 жылдың 16 қазанында Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің «Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы» (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне)  С-О-5 санаты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асыру үшін құрылған конкурстық комиссиясының отырысы өтті.

2015 жылдың 16 қазанындағы конкурстық комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге төмендегі кандидат жіберілді:

  1. Куртеков Ербол Ерболатович.

01.10.2015

Опубликованное в республиканских газетах «Егемен Қазақстан» от 01.10.2015 г. № 187

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті, 030002, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Н. Қобландин көшесі, 10, анықтама үшін телефон: 8 (7132) 96-02-08, 97-57-35, электрондық мекенжай: dkso_aktobe@mail.ru, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне), С-О-5 санаты, (№ 02-2)

Функционалдық міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілер мен әдіснамалық құжаттар жобаларын әзірлеу және жетілдіруге қатысу; талдамалық материалдарды, есептерді дайындау; білім беру ұйымдарын лицензиялау және мемлекеттік аттестаттаудан өткізу бойынша Департамент материалдарының ҚР заңнамасына сәйкестігіне талдау жүргізу; кұқықтық статистика бойынша органдарда тексеру тағайындау туралы актіні мемлекеттік тіркеуден өткізу; мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша хаттамалар дайындау, әкімшілік жазаларға тарту және әкімшілік істерді сот органдарына тапсыру; нормативтік құқықтық актілерді есепке алу, сақтау және талдау, оларды бақылау жағдайында ұстауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес осы облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.


07.09.2015

Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің санаты С-О-5 (02-2) бас маманы лауазымы орны (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңінде) 2015 жылдың 7 қыркүйегінен бастап вакансияда тұрғанын хабарлайды.


17.06.2015

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің конкурстық комиссиясының 2015 жылдың 17 маусымындағы шешімімен білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне) (С-О-5 санаты) лауазымына қабылдауға Бектасов Марат Канидуллаевич ұсынылды.


28.05.2015

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру 28.05.2015ж. «Егемен Қазақстан» газеті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті, 030002, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Н. Қобландин көшесі, 10, анықтама үшін телефон: 8 (7132) 96-02-08, 97-57-35, электрондық мекенжай: dkso_aktobe@mail.ru, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы кезеңіне), С-О-5 санаты, (№ 02-2)

Функционалдық міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілер мен әдіснамалық құжаттар жобаларын әзірлеу және жетілдіруге қатысу; талдамалық материалдарды, есептерді дайындау; білім беру ұйымдарын лицензиялау және мемлекеттік аттестаттаудан өткізу бойынша Департамент материалдарының ҚР заңнамасына сәйкестігіне талдау жүргізу; кұқықтық статистика бойынша органдарда тексеру тағайындау туралы актіні мемлекеттік тіркеуден өткізу; мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша хаттамалар дайындау, әкімшілік жазаларға тарту және әкімшілік істерді сот органдарына тапсыру; нормативтік құқықтық актілерді есепке алу, сақтау және талдау, оларды бақылау жағдайында ұстауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары заңгерлік білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес осы облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.


23.02.2015

Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің санаты С-О-5 (02-2) бас маманы лауазымы орны (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалысы кезеңінде) 2015 жылдың 23 ақпанынан бастап вакансияда тұрғанын хабарлайды.


15.12.2014

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің конкурстық комиссиясының 2014 жылдың 15 желтоқсанындағы шешімімен білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты) лауазымына қабылдауға Сисембина Алма Умирсериковна ұсынылды.


11.12.2014

11 желтоқсанда Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің «Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы» С-О-6 санаты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асыру үшін құрылған конкурстық комиссиясының отырысы өтті.

2014 жылдың 11 желтоқсанындағы конкурстық комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге төмендегі кандидат жіберілді:

Сисембина Алма Умирсериковна


25.11.2014

Опубликованное в республиканских газетах «Егемен Қазақстан»  от 22.11.2014 г. № 229 и «Казахстанская правда» от 25.11.2014г. № 230

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті, 030002, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Н. Қобландин көшесі, 10, анықтама үшін телефон: 8 (7132) 96-02-08, 97-57-35, электрондық мекенжай: dkso_aktobe@mail.ru, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты,            (№02-7)     

            Қызметтік міндеттері: Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылауды іске асыру; білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялауға және мемлекеттік аттестаттауға қатысу; білім беру ұйымдарын тексеру және мемлекеттік аттестаттау материалдарын талдау.   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес осы облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалдық көшiрмесi).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшада көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларына сәйкес Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар мен байқаушылардың қатыстырылуына жол беріледі.

Сарапшы ретінде - конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушылар ретінде - Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

В-5, C-4, С-5, С-О-5, С-О-6, C-R-4 cанаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


31.10.2014

Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің санаты С-О-6 (02-7) жетекші маманы лауазымы орны 2014 жылдың 31 қазанынан бастап вакансияда тұрғанын хабарлайды.


30.10.2014

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 15-1-бабының 1-тармағына сәйкес ауысу тәртібімен 1 қызметкер тағайындалды:

-Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы (санаты С-О-6 (02-7)) А.Ізбасар аталмыш бөлімнің  бас маманы (санаты  С-О-5 (02-6)) болып ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің  2014 жылдың 30 қазанындағы 01-02/2171 хаты негізінде тағайындалды (30.10.2014 ж. Б.№23-жқ).


24.10.2014

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 15-1-бабының 1-тармағына сәйкес ауысу тәртібімен 1 қызметкер тағайындалды.

Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5 (02-6)) Г.Иманғалиева аталмыш бөлім басшысы (санаты  С-О-4 (02-1)) болып ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің  2014 жылдың 23 қазанындағы 01-02/2139 хаты негізінде тағайындалды (23.10.2014 ж. Б.№22-жқ).

Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің санаты С-О-5 (02-6) бас маманы лауазымы орны 2014 жылдың 24 қазанынан бастап вакансияда тұрғанын хабарлайды.


21.10.2014

Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің санаты С-О-4 (02-1) басшысы лауазымы орны 2014 жылдың 21 қазанынан бастап вакансияда тұрғанын хабарлайды.


27.09.2013

2013 жылдың 27 қыркүйегі күні Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті С-О-5 (01-2) санаты бойынша Әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімі бас маманы бос лауазымына орналастыру бойынша конкурсқа қатысушылардың құжаттарының талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша комиссия отырысы болып өтті. Комиссия отырысы қорытындысына сәйкес үміткерлер Дюсенов А.А. және Бирмагамбетова Г.М. құжаттары біліктілік талаптарына толық сәйкес келеді. Аталған екі үміткер де әңгімелесуге жіберілді.


13.09.2013

Егемен Қазақстан /Жұма/ 13 қыркүйек 2013 жыл/ №211

 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі, 030001 Ақтөбе қаласы, 8 наурыз көшесі 3 Б, анықтама үшін телефоны: 8 (7132) 90-74-02, факс 97-57-35, электрондық мекен-жай dkso_aktobe@mail.ru , бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің бас маманы (С-О-5 (01-2)  санаты) - 1 бірлік

Қызметтік міндеттері:

Департаментте бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізу. Қаржыландыру жоспарын орындау бойынша жинақтық бухгалтерлік есепті дайындау. Қаржы тәртібі мен қорларды оңтайлы пайдалануды сақтауға бағытталған іс-шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысады.Мемлекеттік сатып алуларға қатысу, Департаменттің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуда қолданыстағы заңнаманың сақталуына бақылау өткізуге қатысу. Аванстық есептерді, жалақы бойынша жинақты дайындау. Статистикалық және бухгалтерлік есептілікті, қаржыландыру жоспарын, дебиторлық және кредиторлық берешекті оларға қатысты жинақ ақпаратын ұсына отырып орындау бойынша ай сайынғы есептерді дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі экономикалық білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;

       Құжаттарды қабылдау мерзiмi хабарландыру жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.

2012-2014 ж. © Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті
.