Департамент по контролю в сфере образования Актюбинской области
Комитета по контролю в сфере образования и науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан

Ақтөбе облысының білім саласындағы

бақылау департаменті басшысының

2018 жылғы « 17 » қазандағы

№ 50 ә/ш бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғыялым саласындағы бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша бақылау департаментінің жанынан құрылған консультациялық кеңес туралы Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғыялым саласындағы бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша бақылау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) жанынан құрылған консультациялық кеңес – Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауды дамыту мақсатында құрылған.

 

  1. Консультациялық кеңес міндеттері

2.1. Департамент құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша ұсыныстар беру;

2.2. маңызды мәселелер бойынша сараптамалық пікір білдіру;

2.3. қызметін жүзеге асыру барысында әдістемелік көмек беру;

2.4. білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу, бөлісу.

 

  1. Консультациялық кеңес өкілеттіктері

3.1. Департаменттің негізгі жұмыс бағыттары мен ұстанымдарын кеңінен насихаттау жұмыстарына қатысу;

3.2. Департаментпен бірлесе ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру жұмыстарына атсалысу;

3.3. Департаменттің облыс аумағында білім сапасын арттыру жұмыстарына араласу;

3.4. Білім беру ұйымдарына әдістемелік сипатта көмек көрсету;

3.5. Департаменттің жүргізетін бақылау шараларына сарапшылар ретінде қатысу;

3.6. Білім беру саласын қамтитын сұрақтар бойынша қоғамдық қабылдаулар жүргізуге қатысу.

 

  1. Консультациялық кеңес құрамы және олардың құқықтары

4.1. Консультациялық кеңес құрамы Департамент басшысының бұйрығымен бекітілген құрамда жасақталады. Мүшелерінің саны шектеусіз.

4.1.1. Консультациялық кеңес мүшелігіне білім беру саласында еңбек еткен, тәжірибесі мол зейнеткер ұстаздар, азаматтық қоғам белсенділері, білім саласының қызметкерлері.

4.2. Консультациялық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, мекемелерге кіруге;

4.2.1. осы Ережемен белгіленген өз өкілеттіктерін толық көлемде жүзеге асыруға құқығы бар.

  

  1. Консультациялық кеңес қызметін ұйымдастыру

5.1. Консультациялық кеңес жұмысын Департаменттің басшысы үйлестіреді.

5.2. Консультациялық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

5.3. Консультациялық кеңес отырыстарының қорытындысында ұсыныстар беріледі.

5.4. Консультациялық кеңес қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Департамент жүзеге асырады.

5.5. Департаментпен бірлесе отырып білім беру саласының мәселелері бойынша және бақылау шараларына сарапшылар ретінде тартылған кезде іссапарларға шығу қажет болса, іссапар шығыстары Департаменттің қаржысы есебінен төленеді.