Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Сіздің сұрақ - біздің жауап
  1. Мухаббат Баймуратова # 0
    Саламатсыз ба, 2015 ж Қайнар Университетінің техникалық ғылымдар магистрі ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша дипломын алдым. Мен магистратураны 2 жыл, яғни ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша және 63 кредит оқыдым. информатика пәнінің мұғаліммін. Еңбекақыма 10АЕК мөлшерінде қосымша ақша қосылмайды деген біздің бухгалтерия.
    1. dkso # 0
      Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті. Магистратураны төмендегі жағдайда бітірген педагогқа ғана 10 айлық есептік көрсеткіш көрсетілген қосымша ақы төленеді:
      — Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» № 293-VІ ҚРЗ 8-бабының 5-тармағында «Мемлекеттік орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді»;
      — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысымен бекітілген 4-қосымшада «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін қосымша ақы Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 10 айлық есептік көрсеткіш көрсетілген қосымша ақы тиісті дипломы болған жағдайда және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді»;
      — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 604 бұйрығымен бекітілген 5-тарау 66-тармағында «Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында: 1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен "ғылыми-педагогтік; 2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады».

      Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Егерде Сіз ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша магистратураны бітірсеңіз 10 айлық есептік көрсеткіш көрсетілген қосымша ақы төленеді.
    2. Дильжанов Меирхан Жұмағалиұлы # 0
      Саламатсыздарма? Мен Мұғалжар ауданына қарасты Қайыңды ауылында мұғалім болып жұмыс жасаймын. Осы күні мен үш тілдік оқу курсында білім алып жатырмын. Білім алып жатырған жерңм ауылымнан 90 км жерде. Ембі қаласын №1мектеп. Сұрайын дегенім неліктен біздерге ақша төленбейді, неліктен өзге жерде оқып жатқандарға төленеді. Окуымнан бас тартуға болама
      1. dkso # 0
        Сіздің сұрағыныз «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысы білім саласындағы бақылау департаменті» ММ-нің құзыретіне кірмейді. ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру саласында үш тілде оқыту бағдарламаларын енгізу мақсатында «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» пәндері бойынша мектептердің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарын өткізуді ұйымдастырушы Астана қаласындағы «Білім жетілдіру орталығы» ЖШС болып табылады.
        Сіздің көтерген сұрағыңыз бойынша жауап алу үшін курсты ұйымдастырып өткізуші Орталыққа телефон: 8(7172)694836, 87172(694835), E-mail: ee@nu.edu.kz сайтына хабарласуыңызға болады
      2. Ермеккарина Жумаслу Узакбаевна # 0
        Мен сізге жұмыс жөніндегі проблемамды шешіп беруіңізді сұраймын.Мамандығым бастауыш кластар мұғалімі, тәрбиеші.1990 жылы Қызылорда педучилищесін біттірдім.Әйтеке би ауданында 18 жыл мамандығым бойынша мұғалім болып жұмыс жасадым.2008 жылы отбасы жағдайыма байланысты Хромтау қаласына көшіп келдім.Отбасындағы екі баламның біреуі қант дибетімен ауырады.Күйеуімнен ажырасқанмын.Отбасында жалғыз табыс тауып отырмын.2016-17 оқу жылында декреттегі адамның орнында уақытша шарт негізінде жұмыс жасадым.Бұл қалада жұмысқа орналасу өте қиын екенін басымнан өткесін жазып отырмын.Еш жерде танысым жоқ.Енді қыркүйектен бастап жұмыссыз қалғалы отырмын.
        Сізден өтініш осы мәселемді шеше аласыз ба?Қайда барарымды білмей стреске түсіп отырмын.Бұған не дейсіз.
        1. dkso # 0
          Сіздің сұрағыныз «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысы білім саласындағы бақылау департаменті» ММ-нің құзыретіне кірмейді. Аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 21-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне жатады. Сол себепті өтінішіңізді облыстық білім басқармасының сайтына bilim.aktobe.gov.kz/ru жолдауыңызға болады.
        2. Issatay Tleuov # 0
          Саламатсыз ба Кайшыгулова Жанна Тилеуовна, ҰБТ-ны қайтып тапсыруға документті қай жерде тапсыру керек және оны қай уақыт аралығында тапсырамыз? Сол жөнінде айтып кетсеніз
          1. dkso # 0
            Қай жоғары оқу орнына барғыңыз келеді, сонда барып, құжаттарыңызды тапсырыңыз. Өйткені, тест тапсырғаннан кейін тек оқу орнына сертификатыңызды тапсыра қоясыз. Тестілеуді Ақтөбеде тапсырып, оқитын қалаңыз басқа жақта болса, құжаттарыңызды тапсыруға үлгермей қалу қаупіңіз бар. Ссол себепті қайда оқисыз, соған барып, құжаттарыңызды тапсырыңыз.
          2. Issatay Tleuov # 0
            Сонда мен тек жеке ВУЗ-дарға түсе алам ба?
            1. dkso # 0
              Жеке де, ешкандай жогары оку орнына бара алмайсыз. Тек шыгармашылык мамандыктарга бара аласыз, бұл мамандыктарга жогарыдагы екі пәнді, яғни оқу сауаттылығы мен Қазакстан тарихы пәнінің балдарын алады және қосымша шығармашылық бағыт бойынша екі емтихан тапсырасыз.
            2. Issatay Tleuov # 0
              Саламатсыз ба Кайшыгулова Жанна Тилеуовна, Менің есімім Тлеуов Исатай, менің сізге қояр сұрағым бар. Егер мен ҰБТ-дан 86 балл алып, сонын ішінде физикадан 13 балл алсам мен мемлекеттік ВУЗ-ға түсе алам ба?
              1. dkso # 0
                Кайырлы кеш! Түсе алмайсыз, себебі екі бейіндік пәннің әрқайсысы15 баллдан төмен болмауы керек.
              2. Майлыбаева Шынар # 0
                Қайырлы күн! Оқушы тест кезінде ережені бұзып, жұмысы жойылған жағдайда ол тестілеуді қайта тапсыра ала ма? Өйткені білім туралы заңда қайта тапсыруға шекті баллды жинай алмағандар жіберіледі деп көрсетілген.
                1. dkso # 0
                  Шекті деңгейді жинай алмаған мектеп бітіруші түлектер ағымдағы жылы жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне қабылдануы үшін қайтадан кешенді тестілеу тапсыру мүмкіндігі қарастырылған. Аталған тестілеу түріне қатысу үшін құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындары қабылдау комиссиясында 1-8 тамыз аралығында, тестілеудің өту уақыты 19-24 тамыз аралығында жүргізіледі.
                2. Сұлтанова Айгерім # 0
                  ПГК-ның орнына болған ВОУД-тың нәтижелері бойынша қандай- да бір жазалау шаралары бола ма? ПГК-дан өтпесе мезгілден тыс аттестация болатын еді.
                  1. dkso # 0
                    Оқу жетістіктерін сырттан бағалау (ОЖСБ) процедурасы бойынша ешқандай жазалау болмайды. Оның кері әсері оқушыларға да, мектеп ұжымына да тимейді.

                    ОЖСБ ҚР «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
                  2. Айдана # 0
                    Саламатсыздар ма! Біз, бітіруші курстың студенттеріміз, жакында ВОУД тапсырдық. Арамызда 48-50 балл жинаған студенттер бар. Вуздың әкімшілігі, дәлірек айтсақ, декандар гос экзамен тапсыруға жібермейміз деп жатыр. Осы дұрыс па?
                    1. dkso # 0
                      Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі — МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында соңғы курс студенттері үшін жүзеге асырылады.
                      ОЖСБ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы барлық оқыту нысандары бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдаланатын болады.