Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

2019 жылы Ақтөбе облысы бойынша оқу жетістіктерін сырттай бағалау процедурасының қорытындысы

2019 жылы оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) процедурасы 46 мектепте өтті. Оның ішінде 18 (39,1%) мектепте ОЖСБ компьютерлік тестілеу арқылы өткізілді.

ОЖСБ 4 класс оқушыларынан математика, қазақ тілі оқу пәндері, 9 класс оқушыларынан қазақ тілі, қосымша негізгі пән (Қазақ тілі, алгебра, география, физика, химия, биология, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы), 11 класс оқушыларынан қазақ тілі, физика, Қазақстан тарихы пәндері бойынша болды. 

ОЖСБ технологиясы тәртібін қадағалау және бекітілген білім беру мекемесінде ОЖСБ-ны өткізу үшін БСБД-нің 7 қызметкері және ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен келісілген ҚР БжҒМ-нен 41 өкіл тартылды. 

         ОЖСБ төрт лек бойынша өткізілді:

1 лек – 17.04.2019ж. 14 мектепте өтті. Оған барлығы 1534 оқушы қатысты (қазақ-1437, орыс-97). Орташа балл 4 класс бойынша – 18,2, 9 класс бойынша – 31,9, 11 класс оқушы бойынша – 53,8 болды.

2 лек – 19.04.2019ж.  14 мектепте өтті. Оған барлығы 1758 оқушы қатысты (қазақ-1338, орыс-420).  Орташа балл 4 класс бойынша – 19,2, 9 класс бойынша – 35,2, 11 класс оқушы бойынша – 54 болды.

3 лек – 22.04.2019ж. 18 мектепте өтті. Оған барлығы 1747 оқушы қатысты (қазақ-1399, орыс-348). Орташа балл 4 класс бойынша – 18,9 болды. 3 лекте ОЖСБ процедурасы 4 кластарда өтті.

4 лек – 3 күнге жоспарланды (23-25.04.2018ж.) Оған барлығы 1443 оқушы қатысты (қазақ-1223, орыс-220). Орташа 9 класс бойынша – 41,7, 11 класс бойынша – 54 болды. 5 лекте ОЖСБ процедурасы 9, 11 кластарда өтті.

         Компьютерлік әдіспен тестілеу 18 мектепте өтті. Оның ішінде 8 мектепте  9 класта ("Хлебодаровка ЖОББМ» КММ,"№22 ОМ» КММ, "М. Құрманғалиева атындағы №32 ЖББОМГ» КММ, "№ 35 ОМ» КММ, "№ 52 НМ» КММ, "№2 ЖОББМГ» КММ, "№51 гимназия" КММ, "№71 ЖББОМ» КММ), 10 мектепте 9, 11 кластарда   ("Алға МГ" КММ,  "Петропавл ОМ» КММ, «№5 Хромтау гимназиясы»

КММ, "Шалқар қаласы №1 МГ" КММ,  "№37 ОМ" КММ, "№24 ЛМГ» КММ,"№70 ЖББОМ" КММ,"Ақтөбе қаласы №1 ОМ» КММ, "№47 ЖББОМ" КММ,№62 ЖББОМ» КММ) болды. Оған 1443 оқушы тартылды (қазақ-1204, орыс-239). Барлық балл-63 665. Орташа балл 44,19 болды.

Үстіміздегі жылы ОЖСБ процедурасына облыстың 11 ауданының (Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Хромтау, Шалқар) 24 мектебі, Ақтөбе қаласының 22 мектебі қамтылды.

Облыс бойынша ОЖСБ-ға қатысқан барлық бала саны-6482, барлық балл- 187521, орташа балл- 28,9.

2015 жылы орташа балл-34,7, (71 мектеп бойынша), 2016 жылы орташа балл-25,4 (28 мектеп бойынша), 2017 жылы орташа балл - 23,2 балл (26 мектеп бойынша), 2018 жылы орташа балл - 32,5 балл (83 мектеп бойынша), үстіміздегі жылы -28,9 балл, өткен жылмен салыстырғанда нәтиже 3,6 балға төмендеген.

Қала, аудан аттары

Қатысқан оқушы саны

Барлық балл

Орташа балл

1

Әйтеке би ауданы

78

2285

29,3

2

Алға ауданы

249

6845

27,5

3

Байғанин ауданы

220

5160

23,5

4

Ырғыз ауданы

222

7845

35,3

5

Қарғалы ауданы

89

2860

32,1

6

Мәртөк ауданы

292

8725

29,9

7

Мұғалжар ауданы

429

11550

26,9

8

Темір ауданы

285

8173

28,7

9

Ойыл ауданы

209

7372

35,3

10

Хромтау ауданы

412

10740

26,1

11

Шалқар ауданы

278

9745

35,1

12

Ақтөбе қаласы

3719

106221

28,6

 

БАРЛЫҒЫ

6482

187521

28,9

 

Қағаз түрінде тестілеу ОЖСБ жоспарланған барлық мектепте өтті (46 мектеп). Оның ішінде 18 мектепте 4 класс оқушылары қағаз түрінде тапсырып, 9,11 класс оқушыларына ОЖСБ процедурасы компьютерлік әдіспен болды. Қағаз түрінде тестілеу ОЖСБ прцедурасына қатысқан бала саны – 5039. Барлық балл-123 856. Орташа балл 24,6 болды.

ОЖСБ-ға қатысқан облыста 11 класта қазақ тілі пәні бойынша орташа балл - 13,9, Қазақстан тарихы пәні бойынша орташа балл - 23,2, физика пәні бойынша орташа балл - 16,5, үш пән бойынша орташа балл- 53,5.

ОЖСБ өткізуді жоспарланған барлық білім беру мекемелері белгіленген күні толық қамтылды.