Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
15 қазан күні жалпы Республика бойынша "Адалдық сағаттары" тақырыбындағы түсіндірме жұмыстарының өткізілуіне орай Департамент жанынан құрылған консультативтік кеңес мүшелері, ардагер-ұстаздар Ж.Мухамбетова, Т.Байсенгирова, А.Сакауованың қатысуымен мамандар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 
Кездесу барысында еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеті, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік тақырыбына талқылау жасалып, парасаттылық қағидатын қалыптастыру, жемқорлықпен күресу тиімділігін арттыру жолдары айтылды.
 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин  Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті

Бүгін, яғни 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин  Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.                          
Кездесу барысында А.Бердалин мемлекеттік қызметтің заманауи ахуалы жайында, мемлекеттік қызметшілер үшін сынамалы тәртіпте еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды үлесін арттыру және қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау мәселелері жайында сөз қозғады.
«Биылғы мемлекеттік қызмет саласындағы реформаның бірі Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында факторлық-балдық шкаласын қолдану арқылы еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшуі туралы айтып өткім келеді.
Қазіргі күні жаңа жүйе Агенттік және оның аумақтық департаменттері, Әділет министрлігі және Астана қаласы мен Маңғыстау облыстарының әкімдіктерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне сынамалы тәртіпте енгізілді.
Ол ай сайынғы жалақыны есептеуге және бонустық төлемдерге қатысты өзгерістерді қамтиды.
Яғни, белгіленген бөлік – бұл факторлы-балдық шкала негізіндегі қызметшінің кепілді еңбекақысы, ауыспалы бөлігі – бонустар.
Бұл тек лауазымның деңгейін және мемлекеттік қызметшінің жұмыс өтілін ескеретін дәстүрлі жүйеден ерекшеленеді» ,- деді Арман Бердалин.
Сонымен қатар,  кездесу барысында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытының ерекшелігі мен қандай тәсілдер арқылы жүргізілетіндігі жөнінде айтып өтті.
Кездесуге қатысқан мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандарып жүрген сұрақтарына жауаптарын алып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.