Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
13.12.2019

Бүгін, ағымдағы жылдың 13 желтоқсаны күні «Анаға тағзым» орталығында Департамент басшысы Б.Кузембаеваның бастамасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай  ұйымдастырылған «Білім саласындағы Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге  ардагер-ұстаздар М.Малайдар мен Н.Ердәулетов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы үздіксіз білім беру институтының директоры Г.Такишева, «Ақтөбе-Өрлеу» институтының кафедрасының меңгерушісі,  п.ғ.к., доцент А.Каплиева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры С.Умирбекова, Ақтөбе қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары Ж.Шалабаева, Шығармашылық Академиясының директоры Ш.Жұбай,  Ақтөбе облысы Әкімінің «Үздік мектеп» грантының иегерлері Хромтау №6 мектеп-гимназиясының директоры Г.Мукашева, Шұбарқұдық №1 мектеп-гимназиясының директоры И.Казиева, Ақтөбе қаласы №23 мектеп-лицейінің директоры Г.Наримбетова және Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында ұстаздық қызмет етіп жүрген белсенді жас мамандар  қатынасты.

Ұйымдастырылған шара барысында қатысушылар еліміздің Тәуелсіздік алған жылдарынан бергі білім саласындағы оңды өзгерістер, келелі жетістіктер мен атқарылған нәтижелі жұмыстар туралы ой бөлісіп, пікір алмасты.

Шара соңында ардагер ұстаздар жас мамандарға батасын беріп,  естелік кітап табыстады.

13.12.2019