Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
30.10.2019

Бүгін,  2019 жылдың 30 қазанында №6 орта мектеп базасында  аудандық білім бөлімдері мен қалалық білім бөлімдерінің қамқоршылық кеңес жұмыстарына жауапты мамандары мен Ақтөбе қаласындағы мектептердің қамқоршылық кеңестерінің хатшыларына арналған ««Қамқоршылық  кеңес жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері және тәжірибелер»  атты семинар-кеңес  өткізілді. Семинар-кеңеске  барлығы 108 адам қатысты. 

Семинар –кеңес Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментің бас маманы Г. Имангалиева мен Ақтөбе облысының  білім басқармасының бас маманы Г. Бакиева қатысуымен өтті. Семинар қатысушылары «Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестер жұмысының қазіргі  жағдайы» атты  ақпарат-талдауды тыңдады және  білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына сәйкес жұмыс істеу талаптарын талқылады. Семинарда Темір аудандық білім бөлімінің жауапты маманы  мен Ақтөбе қаласындағы үш тілде білім беретін №21 ОМГ-ның  жауапты хатшысының және Хромтау қаласындағы №6 орта мектеп-гимназиясының қамқоршылық кеңестер жұмысын ұйымдастыруы бойынша  іс-тәжірибелері ортаға салынды.

 Семинар соңында қамқоршылық кеңестер қызметін  ұйымдастырып,   үйлестіру жұмыстарын  жақсы жүргізіп отырған бірқатар білім бөлімінің жауапты мамандары, мектеп хатшылары Департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.

 

30.10.2019