Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
23.08.2018

Департамент  өкілі, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы  Аскар Жайлыбаевич Кемешов Қарғалы ауданының Ащылысай ауылында өткен жыл сайынғы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының секциялық отырысына қатысты.

Отырыс барысында Департаментпен бірігіп сарапшы ретінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға белсенді атсалысқан аудан мұғалімдерін марапаттау салтанаты ұйымдастырылды. А.Ж.Кемешов педагог қызметкерлерге Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті басшысы Б.Б.Кузембаеваның атынан алғыс хаттарды табыстады. 

23.08.2018