Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
23.01.2020

«Ақтөбе-Өрлеу» институтында ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні жалпы орта және кәсіптік техникалық колледж директорлары, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған курс аясында «Сапалы білім берумен қамтамасыз етудегі жаңаша басқарудың тиімділігі» тақырыбында ашық диалог алаңы өткізілді. Ашық диалог алаңында, ҚР 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы басты міндеттер мен мақсаттардағы сапалы білім беруді жаңаша басқаруды қаматамасыз етудің формалары талқыланды.
Ашық диалог алаңына Ақтөбе облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Б.Кузембаева, Ақтөбе облысының білім беру басқармасы мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Г.С.Мырзагалиева, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі М.К.Жұбандықова және курс тыңдаушылары, институттың оқытушы-профессорлық құрамы қатысты.
Ашық диалог алаңын институт директоры ф.ғ.к., Н.М.Абишева кіріспе сөзбен ашты. Ашық диалог алаңына қатысушысы мектеп және колледж директорлары мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, болашақта сапалы білім беруді жаңаша басқарудың жоспарларын талқылады. Ашық диалог алаңын кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.Қ.Қаплиева кейс-талдау әдісі арқылы қортындылады.

23.01.2020