Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
28.10.2019

Бүгін, 2019 жылдың 28 қазанында № 72 орта мектеп-лицейінің базасында Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының орта мектептерінің басшыларына арналған «Білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын талаптар» атты практикалық семинар өткізілді. Семинар Актөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Сүлейменова және Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас мамандары А.Избасар, А.Сисембинаның қатысуымен өтті.

Семинар қатысушыларына білім беру қызметімен айналысуға лицензия алуға қойылатын талаптар түсіндірілді, электрондық лицензиялау порталында жұмыс істеу бойынша нақты ұсыныстар берілді.

28.10.2019