Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
28.06.2019

2019 жылдың 28 маусымында Ақтөбе қаласының №60 орта мектебі базасында "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ қарасты білім беру мекемелерімен алқажиын отырысы өтті. Алқажиынға Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің  білім сапасын сырттай бағалау бөлім басшысы Ж.Мухамбеталина, жалпы білім беретін мектеп директорлары, мектептен тыс ұйымдардың басшылары қатысты. Қалалық білім бөлімінің басшысы С.Сулейменов алқажиынды ашып, күн тәртібіндегі мәселелер қатарымен таныстырды.
Отырыс барысында 2018-2019 оқу жылын аяқтау, мектеп оқушылар арасындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтар, мектептенн тыс білім беру ұйымдарының қызметі тақырыбындағы мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің бөлім басшысы Ж.Мухамбеталина 2019 жылдың І жарты жылдығында Ақтөбе қаласы бойынша білім беру ұйымдарына бару арқыыл жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы, ағымдағы жылдың сәуір айында жүргізілген ОЖСБ процедурасы туралы баяндап өтті.

Отырыс соңында қаралған сұрақтар қорытындыланып, алқажиынның шешімі талқыланды.

28.06.2019