Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
17.05.2019

Бүгін аудандық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, ағымдағы жылы мемлекеттік бақылау шаралары өткізілген мектеп директорлары, МДҰ меңгерушілерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Н.Абишева, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының өкілдері, Департамент жанынан құрылған консультативтік кеңес мүшелері, ардагер-ұстаздар шақырылды.
Департамент басшысы Б.Кузембаева семинар-кеңестің негізгі мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Аталмыш шара барысында білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж.Мухамбеталина "2019 жылдың 1 жарты жылдығында білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу қорытындысы" және "Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу қорытындысы" тақырыбында баяндама жасады.
Семинарға қатысып сөз сөйлеушілер білім беру ұйымдарында білім беру сапасын арттыру басқаруды жетілдіруге тікелей қатысты екендігі жөнінде пікір білдірді. Семинар-кеңес қорытындысында бірқатар ұсыныстар қабылданды.

17.05.2019