Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
29.05.2019

Бүгін, 2019 жылдың 29 мамырында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жанындағы Жоғары колледждің 1 жылдық мерейтойына арналған апталық аясында Департаменттің «Ашық есік» күні өткізілді.

«Ашық есік» күніне облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен директор орынбасарлары, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекші орынбасары Ақансері Ержанұлы Сұлтанбеков, облыстық БАҚ өкілдері, Департамент мамандары қатысты.

Шараның ұйымдастырылу мақсатытехникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен тікелей кездесе отырып, Департамент тарапынан жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелерін талқылау мен заң бұзушылықтарды алдын алу жолдарын қарастыру, сонымен қатар білім беру қызметін лицензиялау жұмысының ерекшеліктеріне тоқталу мен өтініштерді қарау тәртібіне түсіндірме жүргізу.

Баяндамашылар – Департамент мамандары А.Кемешов пен Б.Дюсембиева Департаменттің басты функциялары профилактикалық бақылау жүргізу мен лицензиялау қызметінің жүргізілу барысына нақты тоқтала отырып, білім беру ұйымдарының кемшіліктерін көрсетті. Өз тарапынан әдістемелік нұсқаулық беріп, ұсыныстар тастады.

«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі А.Сұлтанбеков жобаның ашылу мақсатына тоқтала отырып, аса зейін қойылған  әлеуметтік саланың бір бағыты – білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша түсіндірме жүргізді. Білім беру ұйымдарында азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларын Open space кеңсесін қолдауға шақырды.

«Ашық есік» күні пікір-алмасу, сұрақ беру, талқылау түрінде өткізіліп, көптеген сұрақтар қозғалып, шешімін тапты.

«Ашық есік» күнінің екінші сатысында Департаментпен қоғамдық қабылдау өткізіліп, білім беру ұйымдарының педагог кадрларының жекелеген сұрақтарына жауаптар берілді.

Осындай шараны ұйымдастыру арқылы Департамент білім беру ұйымдарымен нарықтағы  сұранысқа ие мамандарды, бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау жұмысына әдістемелік көмек көрсетіп, мемлекеттің сапалы білім беру саясатын жүзеге асыру жолында ынтымақтастықты күшейтуге шақырды.

29.05.2019