Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
03.09.2019

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, жан-жақты талқылады. Отырыста департамент басшысы Б.Кузембаева Жолдаудың мазмұны мен маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, отырысқа қатысқан мамандар Жолдаудың жаңа бағыттарын, ондағы айтылған өзекті мәселелерді толыққанды талдап, өзіндік ойларын ортаға салды. Қорытындысында департамент ұжымы бірауыздан  Жолдаудың тиімді жүзеге асырылуына қолдау көрсететіндіктерін айтты.

03.09.2019