Департамент по обеспечению качества в сфере образования Актюбинской области
Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
02.04.2022

Мемлекеттік аттестаттауға арналған семинарлар жалғасын табуда,

Департамент тарапынан Ойыл, Мұғалжар, Темір және Хромтау аудандарының мектеп директорлары мен орынбасарлары, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған семинар өткізілді.

Мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған кемшіліктерді көрсете отырып, өзін-өзі бағалауды БжҒМ -нің №124 бұйрығына сәйкес жүргізу жолдары нақты түсіндірілді.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелері, сарапшылар Иманова Гулсая Қартабайқызы, Аппазова Моншақ Бекарыстанқызы, Әли Гүлжанат Қалдыбайқызы, Матигулова Жанна Кенесовна, Ергалиева Каракоз Ахетовна, Жантөре Мағрипа Қалдыбайқызы әрбір кемшіліктерге тоқталып, қалай жасалу керектігін жеткізді.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Білім бөлімі мен әдістемелік кабинет басшыларына, білім беру мекемелерінің басшыларына өзін-өзі бағалау материалдарын сапалы дайындау, балалардың білім сапасын талдау, оқу-тәрбие процесінің НҚА-ге сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

02.04.2022