Департамент по обеспечению качества в сфере образования Актюбинской области
Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
24.12.2021

Бүгін Департаменттің құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты шара өткізілді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Б. Елеусинова, облыстық мәслихат депутаты Ә.Шөңкеева мен «Nur Otan “ партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы Білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымы К.Айдарханова, ішкі саясат басқармасы, білім басқармасы мен білім бөлімдерінің басшылары, департамент жанындағы мониторингтік топтар мен кеңестердің мүшелері, департаментте жұмыс жасаған қызметкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында Департамент басшысы Булбул Кузембаева Департаменттің 10 жылдағы атқарған жұмыстары туралы баяндады. Сонымен қатар “Өрлеу” БАҰО облыстық филиалының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Н.Абишева, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттің ректоры Л.Қарабасова білім сапасын арттырудың жаңа моделі туралы өз ойларын ортаға салды.
Департамент жанындағы кеңестің мүшелері, ардагер -ұстаздар Ж.Мухамбетова, М.Малайдар департаментпен бірлескен жұмыстарымен бөлісті.
Шараны қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Б.Елеусинова облыстың білім саласын жетілдірудегі департаменттің рөлін атап өтті.
Шара соңында департамент қызметкерлері мен департамент жанындағы кеңестер, мониторингтік топ мүшелері марапатталды.

 
24.12.2021