Департамент по обеспечению качества в сфере образования Актюбинской области
Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
01.12.2021

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің мемлекетіміздің жетістіктері – барша қазақстандықтың қажырлы еңбегінің және Тұңғыш Президенттің көреген саясатының нәтижесі. Қазақстанның тұрақты және қарқынды дамып, ТМД елдері арасында көшбасшылардың бірі ретінде танылғанын әрдайым мақтан етеміз.
Егеменді ел болып қалыптасқалы жеткен жетістіктер еселене берсін! Бар күш-жігерімізбен, бекем бірлігіміз, тату тірлігімізбен облыстың білім саласының дамуы жолында маңызды мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенемін!
Ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, осы жолға ғұмырыңызды арнаған игі қызметтеріңіз елене берсін! Мәртебені асырар, Ел болашағын асқақтатар шәкірттер көп болсын деп тілек білдіремін!
Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Ізгі тілекпен, Департамент басшысы Бұлбұл Бисембайқызы Күзембаева

 
01.12.2021