Департамент по обеспечению качества в сфере образования Актюбинской области
Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
19.11.2021

Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы А.Кемешов 17-22 қараша күндері аралығында Әйтеке би ауданы Басқұдық ЖОББМ-де бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуде.                                                 —Профилактикалық бақылау барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген тексеру парағының талаптары бойынша мектеп әкімшілігінің сапалы білім беру бағытындағы қызметін қарап, зерделенуде және әдістемелік көмектер көрсетуде.                                               

—Іс-шара барысында мектеп педагогтарымен кездесіп ҚР Білім және ғылым министрлігінің 27.12.2019 жылғы №293-ҮІ "Педагог мәртебесі туралы" Заңының негізгі ұғымдарын түсіндіріп, Департамент тарапынан педагогтардың құқықтарының қорғалуы бағытында атқарылып жатырған жұмыстарымен таныстырды. Педагогтарға кәсіптік қызметі барысында кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға, Қазақстан Республикасы заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге және кәсіптік қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмейтіндігін түсіндірілді. Сондай-ақ педагогтарға материалдық қамтамасыз етілуі, көтермеленуге құқығы және әлеуметтік кепілдіктері әңгімеленді.                     

—Педагогтардың құқықтарының бұзылу фактісі анықталса Департамент тарапынан Заң аясында құқықтары қорғалады, Департаменттің 87132 41-44-58, 87472503850 сенім телефондарына хабарласуға болады.

 
19.11.2021