Департамент по обеспечению качества в сфере образования Актюбинской области
Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
16.12.2020

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» жобасы бойынша дөңгелек үстел

15 желтоқсан күні Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары, ардагер ұстаздар, жас мамандар, аудандық/ қалалық мектеп кітапханашылары және гуманитарлық колледж студенттері қатысты.

Іс-шара Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру, еліміздегі кітапханалар ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру және сол арқылы тіл байлығын дамытып, азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жағдайлары туралы айтылды. Сондай-ақ осы жоба аясындағы жол картасы міндеттері талқыланды.

Іс-шара соңында департаменттің қоғамдық кеңес мүшелері, ардагер ұстаздар марапатталды.

16.12.2020