Департамент по обеспечению качества в сфере образования Актюбинской области
Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
27.05.2021

2021жылдың 26 мамыр күні Байғанин ауданының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер өкілдерімен онлайн семинар өтті.

Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Б.Б. Күзембаева білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерін ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды атап өтті. Семинар барысында консультативтік-кеңесші органның мүшелері өз қызметінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестері тап болуы мүмкін ситуациялық мәселелерді қарады. Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Садуакасова Саида Әсетқызы soft-skills заманауи технологиялары бойынша презентация жасады, білім беру ұйымдарындағы персоналды басқарудағы жаңа тәсілдер туралы айтып өтті .
Байғанин аудандық білім бөлімінің басшысы семинарды өткізгені үшін алғысын білдіре отырып, аталған кемшіліктерді жойып, алдағы оқу жылында жұмысты жандандыратынын айтты.
Білім бөлімінің жауапты маманына нақты тапсырмалар берілді.

27.05.2021