Департамент по обеспечению качества в сфере образования Актюбинской области
Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
29.05.2021

4-28.05.2021ж. аралығында атқарылған шаралар
ПРЕСС-РЕЛИЗІ

25 мамыр күні Департамент басшысы Б.Кузембаева Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей – интернатында, бөлім басшысы А.Кемешов №60 жалпы білім беретін орта мектебінде, бас маман Л.Кализина №23 орта мектеп лицейінде болып «25 – мамыр – соңғы қоңырау» мерекелік іс-шараға қатысып, педагогтарға алғыс хаттар табыстады. Осы шарада М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаты, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей – интернаты, №60 жалпы білім беретін орта мектебі, №23 орта мектеп лицейі, №51 гимназиясы, №1 орта мектебі, №9 орта мектеп гимназиясынан барлығы 33 педагог марапатталды.
Педагогикалық әдеп нормаларының қағидаларын түсіндіру мақсатында Байғанин және Мұғалжар ауданындарында орналасқан білім беру мекемелерінің басшыларымен ZOOM платформасы арқылы кеңес ұйымдастырылды. Кеңес барысында Департамент басшысы Б.Кузембаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» № 190 бұйрығының талаптарын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
Департамент басшысы Б.Кузембаева облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Сүйінтаевамен бірге Ақтөбе қаласында орналасқан үш ауысымды және орын тапшылығы бар мектептерді аралап, оның шешілу жолдарын талқылады.
Арыз-шағымдар бойынша Ақтөбе қаласында орналасқан білім беру мекемесіне облыстық білім басқармасымен бірлесіп зерделеу жұмысын жүргізсе, Департамент тарапынан техникалық және кәсіптік білім беру мекемесіне жоспардан тыс тексеріс өткізілуде.
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша «Е-лицензиялау» жүйесіне заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған 2 өтініш түсті, қазіргі уақытта қаралуда.

"Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша есепті кезеңде 2 өтініш келіп түсті, қазіргі уақытта қаралуда.
24-28 мамыр аралығында ұлттық біліктілік тестілеуге 226 педагог өтініш білдіріп, оның 179-ы қатысса, 530 мектеп түлегі өтініш білдіріп, 510-ы қатысты, 3 мектеп түлегінен тыйым салынған заттар табылып тесттен шығарылды. Департамент мамандары ереженің сақталуына бақылау жүргізуде.
Департаменттің Call орталығына Мұғалжар ауданының тұрғынынан балабақшаның білім беру процесіне қатысты және «BALA QORGAY» чатына ата-ана тарапынан баласын психологиялық қолдау көрсету бойынша өтініштер түсті, мәселе заң аясында қарап, арызданушыларға толық жауап берілді.

29.05.2021