Департамент по обеспечению качества в сфере образования Актюбинской области
Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
28.05.2021

Ақтөбе облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі алқалы кеңесші органның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 28 мамыр күні Мұғалжар ауданындағы білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестермен онлайн семинар өткізілді. Департамент басшысы Б.Б.Кузембаева, Консультивтивтік-кеңесші органның төрайымы ретінде осы алқалы органның құрамымен және жоспарымен таныстырды. Семинар «сұрақ-жауап» форматында өтті.
Консультативтік-кеңесші органның хатшысы Г.Мастекова Мұғалжар ауданының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкестігіне мониторинг жүргізді. Мониторинг нәтижелері семинар барысында жариялады.
Семинарға 100 адам қатысты, оның ішінде Мұғалжар ауданы білім бөлімінің басшысы мен жауапты маман, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің төрағалары мен мүшелері.
Консультативтік-кеңесші органның мүшесі С.Садуакасова «soft-skills»
замануи басқару технологиялармен таныстырып, білім беру ұйымдарының басшыларына басқарудын жаңа замануи тәсілдерді пайдалануға ұсыныс берді.

28.05.2021